Алматыдағы Орталық ауруханада бес науқас ВИЧ жұқтырған

Қазір олардың ауруды қалай жұқтырғаны анықталуда


14/06/2023
14:16 17319 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматыдағы Орталық ауруханасының бес бірдей науқасының АИТВ (ВИЧ) жұқтырғаны анықталды. 

 

Бұл ақпаратты BES media басылымының тілшісіне Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник растаған. Науқастардың ауруды қалай жұқтырғаны әзірге белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Қалалық орталық клиникалық аурухананы Нариман Табынбаев басқарып отыр. Ол бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасында қызмет еткен. Ол кезде де бірқатар даулы оқиғалар болған. 

 

Алматы қаласының қазіргі әкімі Ерболат Досаев 2006 жылы денсаулық сақтау министрі болып тұрған уақытта осыған ұқсас оқиға болған. Ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 133 бала, 17 ана АИТВ жұқтырған. Тоғыз бала қайтыс болған. Кейіннен балалардың барлығы ауруды қан құю кезінде жұқтырғаны белгілі болған. 

 

Осы оқиғадан соң 25 адам істі болып, 16 адам түрме жазасына кесілген. Бірақ кейіннен көп ұзамай олардың көпшілігі бостандыққа шыққан. Сол уақыттағы Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев, облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Тасмағамбетова, ОҚО әкімі Болат Жылқышиев, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің төрағасы Уәлихан Ахметов отставкаға кеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

14/06/2023 14:16
17319 0

Уведомление